• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2018

Семейде  «Күміс сиқыры» атты  көрме ашылды

1222 рет
көрсетілді

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған музей қорында сақталған зергерлік әшекей бұйымдардан ұсынылған «Күміс сиқыры» атты көрмесінің  ашылу салтанаты өтті. 

Көрменің мақсаты – қазақ қолөнері тарихында ұлттық нақышта жасалған  зергерлік бұйымдардың маңыздылығымен халықты таныстыру.

Көрмеге музей қорынан алынған 150-ге жуық зергерлік әшекей бұйымдар, атап айтқанда сырғалар, білезіктер, жүзіктер, сақиналар, өңіржиек, бойтұмар, шолпы, шекелік, түймелер, қапсырма, әйел мен ерлер белбеулері және әшекей топтамаларының  түрлері, сәукеле, кимешек, тақия, камзол, ер-тоқым, кәдесыйлар  қойылды.

Оның ішінде ХІХ ғасырға жататын көне әшекейлер мен жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан жасалып шыққан әшекей бұйымдардың топтамалары да ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатына музей әріптестері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және өлкетанушылар қатысты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

суретті түсірген автор

СЕМЕЙ